Каспийде балықты заңсыз аулаған 40-тан астам адам ұсталды

Каспийде балықты заңсыз аулаған 40-тан астам адам ұсталды

Маңғыстаулық теңіз шекарашылары Каспийде балықты заңсыз аулаған 40-тан астам адамды қолға түсірді.

Ұсталғандардың барлығы жергілікті тұрғындар. Қазір ресейлік шекарашылармен бірлескен рейд жүргізіліп жатыр. Оның аясында ұзындығы 60 шақырымнан асатын ау-торлар тәркіленді. Бұдан бөлек нарықтағы бағасы 172 млн теңге болатын 20-ға тарта бекіре мен 3 мың өзге де балық түрлері тәркіленіп теңізге жіберілген.

Данияр Малшыбаев, ҚР ҰҚК ШК департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- Бірлескен рейдтік шаралар кезінде мемлекет шекарасын кесіп өткен 2 адам ұсталды. Сондай-ақ шекара режимін бұзған 112 азамат енді заң алдында жауап береді. 8 қайық тәркіленді. Бас-аяғы 2 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.