Елорда аумағында жасырын құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Топ құрамында бұрын осындай қылмыс жасап істі болғандар да бар. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері топтың нақты иерархиясын, қылмыскерлердің өзара рөлін де әшкере етті. Тінту барысында олардан ірі сомадағы ақша, құмар ойынға қажетті атрибуттар, арнаулы техникалық құралдар тәркіленді. Қазір қылмыстық топқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Олар уақытша қамауға алынды.