Түркістан облысында құрбысын алдаған әйел ұсталды

Түркістан облысында құрбысын алдаған алаяқ әйел ұсталды.

Жәбірленушінің айтуынша, ол  жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінен пәтер алып беруге уәде еткен. Әбден сеніміне кіріп, үш млн теңгесін қағып алыпты. Есесіне уақытша жалданған пәтердің кілтін беріп кеткен.  Арада біраз уақыт өткенде үйдің шын қожайыны келіп, пәтерақы сұраған. Жәбірленуші әйел сол кезде ғана өзінің алданғанын біліпті. Бұл іс қылмыстық қодекстің 190-бабы бойынша тіркеуге алынды. Полицейлер күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізді. Аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жамбыл Жандаров, облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

- Облыста алаяқтық қылмысы өткен жылға қарағанда 43-тен 8 процентке өскен. Яғни 780-нен 1122-ге өсіп отыр. Жүргізілген аналитикалық талдаулар облыс аумағында алаяқтық қылмыстардың жылдан жылға өсіп отырғанын көрсетіп отыр. Басым бөлігі ақшаны, мүлікті қайтарымсыз мақсатта қарызға алу, жұмысқа тұрғызу уәдесімен жалған құжаттар жасау арқылы сауда орындарында жүзеге асырылуда.