Павлодар облысында біреу картоп пен сәбізді ауыл іргесіне үйіп төгіп кеткен

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында жергілікті шаруалардың бірі биыл жиналған картоп пен сәбізді ауыл іргесіне төгіп кеткен. 

Далада үйіліп жатқан өнімді көрген тұрғындар әлеуметтік желіге жариялады. Бұл жағдай көпшіліктің ашуын туғызды. Тілшілеріміз мәселенің мән жайын білді. Шаруашылық иелері картоп пен сәбіздің далаға тасталғанын растады.

Айтуларынша, өнімдер ұзаққа сақтауға жарамайды. Дегенмен, ауылдықтар теріп алса, тұтынуға болады дейді. Бұл жыл сайын  қайталанатын жағдай екен. Дүкен сөресіне шығаруға және сақтауға келмейтін көкөністер арнайы жерге төгіледі. Ал жергілікті тұрғындар керегінше алып жүрген көрінеді 

Александр Терентьев, шаруа қожалығының басшысы:

- Бұл көкөністі сауда желілері алмайды. Сондықтан тұрғындар алсын деп көкөністі арнайы орынға үйіп қойдық. Картопты тұтынуға болады. Бірақ келесі жылға дейін сақталмайды. Тұқым ретінде пайдалана алмаймыз.