Павлодарда тағы да құс тұмауы тіркелді

Павлодарда құс тұмауы тіркелуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан бір апта бұрын Тереңкөл ауданындағы Березовка ауылында 42 үй құсының қырылғаны туралы ақпарат тарады. Олардан алынған сынамадан жоғары потогенді құс тұмауы анықталған. Осыған орай үй ауласы карантинге жабылып, 250 құс жойылды. Жуырда дәл осындай жағдай облыс орталығына жақын орналасқан Павлодар ауылында тіркелді. Мамандар қауіпті індет суда жүзетін жабайы құстардан жұғуы мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, үй құстары тұмауға қарсы егілген. Өткен жылы Павлодар облысына вакцинаның 500 мың дозасы бөлінген болатын. Ал құстардың ауруға шалдыққаны әзірге түсініксіз жайт. Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады. Бүгінгі таңда жалпы саны 344 құс жойылды. Өтемақы мәселесі жеке комиссия отырысынан кейін шешіледі.

Ғалым Бейсенов, ветеринария басқармасының эпизотиялық шараларға қарсы бөлім басшысының м.а.:

- Қауіп бар. Себебі жыл құстары толық ұшып кеткен жоқ. Осыған байланысты біз тұрғындарға қолдарындағы құстарын далаға шығармауға кеңес береміз. Өйткені жабайы құстардың арасында тұмау қоздырғыштарын тасымалдаушылар кездесуі мүмкін.