Фото үшін көпір үстіне шыққан елордалық жастар айыппұл арқалады

Фото үшін көпір үстіне шыққан елордалық жастар айыппұл арқалады
Zakon.kz

Полицейлердің сөзінше, оларға тұрғындар хабарласып, Қабанбай көшесінің бойындағы көпірдің үстіне үш жігіттің өрмелеп бара жатқаны туралы айтқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнына жеткен сақшылар тәртіп бұзғандардың 18 және 19 жастағы азаматтар екенін анықтаған. Олар бұл әрекеттерін әдемі фото үшін бардық деп түсіндіріпті. Дегенмен бұл жастарды жазадан құтқармайды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.