Түркістан облысында зейнеткерден 1 келіден астам көкнәр тәркіленді

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Мақтаарал ауданының тұрғыны өз көлігімен есірткі тасымалдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал күдікті мінген «Лада Приора» автокөлігі Келес ауданының аумағында тоқтатылып, оның ішінен пакетке салынған есірткіге ұқсас зат табылыпты. Сараптама қорытындысына сәйкес оның көкнәр екені анықталды. Қазір күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.