Маңғыстау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық-Шетпе тас жолының 74-ші шақырымында болған.

Жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау 20 қазанда сағат 16:00-де Қарақия ауданының «102» полиция бөлімінің басқару пультіне түсті, деп хабарлайды lada.kz. ВАЗ 21905 автокөлігінің жүргізушісі Шетпе жолында рөлге ие бола алмай, қоршауға соғылып, артынан келе жатқан УАЗ 33036 көлігіне соқтығысқан. Алған жарақатынан бір адам оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бір жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.