Алматы әуежайында ұшақ автокөлікпен соқтығысты

Бүгін таңертең Алматы халықаралық әуежайында ұшақ жеңіл автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлік әуежайдың ұшу-қону жолағында тұрған. Әлеуметтік желіде тараған бейнетүсірілімде автокөлік ұшақтың қанатының астында қалғаны анық байқалады.

Қазір осы оқиғаға байланысты Көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 344-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады. Яғни іс жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері мен әуе көлігіне кедергі келтіргені үшін қаралады.

Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Борттық номері UP-CJ014 Bombardier CRJ-200 ұшағы отандық әуе компанияларының біріне тиесілі.