Нұр-Сұлтанда шыны конструкция әйел адамның төбесіне құлап кетті

Тұрғын үйлердің бірінде орналасқан шыны конструкция әйел адамға құлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны дереу №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізген. Қабылдау кезінде науқастың жағдайы ауыр деп бағаланған. Ми жарақатымен ауруханаға түскен. Жедел түрде әйелге операция жасалды. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Ал үйдің шатырында орналасқан конструкция қалай құлағаны белгісіз.