Қаскелеңде 25 жастағы жігіт көліктен оқ атты

Қаскелеңде екі кештің арасында оқ атылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Абылайхан көшесінде болған. Абырой болғанда, көшедегі жұрт шошығанымен, ешкім зардап шекпеген. Полиция күдіктіні ұстады. Ол Қарасай ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол өз ісін үйлену тойы кезінде қуаныш үстінде жасағанын айтып ақталған. Оқ көліктен атылған. Ол көлік айып тұрағына қойылды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.