434,60 493.30 5,88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы облысында мал ұрлаған барымташылар қолға түсті

  • 110
  • UPD: 12:06, 27.10.2021
Алматы облысында мал ұрлаған барымташылар қолға түсті

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында барымташылар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 12 бас ірі қара ұрлау барысында қолға түсті. Мылтық пен оқ тәркіленген күдіктілердің тағы екі қылмыстық іске қатысы бар екені анықталды. Кейінгі жәбірленушілеріне келтірген шығыны 3 млн теңгеден асып отыр. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде өзгенің малын олжалаған 25 қылмыстық топ ұсталған. Соның нәтижесінде 30 млн теңге иесіне қайтарылып, ұрлық көрсеткіші 23 процентке азайды.

Хабар 24 телеарнасы