Оралда тағы бір оқушыны көлік қағып кетті

Оқыс оқиға Зачаганск кентіндегі мектеп маңында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

27 қазан сағат 8.30 шамасында «Мерседес» көлігінің жүргізушісі 10 жастағы қызды қағып кетті. Жеткіншек ауыр жарақат алмаған. Дәрігердің қарауынан кейін үйіне жіберілді.

Полицейлердің айтуынша, оқушы жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған.

«Қыз бала мектепке ата-анасыз барған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды» деді БҚО ПД баспасөз қызметі.