ШҚО-да бір түннің ішінде жер тесіліп, шұңқыр пайда болған

Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында таңқаларлық жағдай болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы үйлердің бірінің ауласында диаметрі 15 см болатын шұңқыр пайда болған. Бір түнде болған құбылыстың сырын ешкім біле алмай дал. Үйдің иесі Мәуіт Ибекешов түнде қатты гүрсіл естідік дейді. Таңертең ауласынан ұңғыма тәріздес тесікті байқапты. Күрекпен немесе бұрғымен қазды деуге тағы келмейді дейді куәгерлер. Өйткені маңайы теп-тегіс ешқандай үйілген топырақ жоқ. Оқиғаның мән-жайын білу үшін ол жерге төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да барған. Алайда әзірге олар да шұңқырдың неден пайда болғанын анықтай алмай отыр.

Талант Сағатбеков, Ақжар ауылы  №52 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Шұңқыр қайдан шыққаны белгісіз, өлшеу барысында екі жарым метр болатын шұңқыр екен, қиғашынан тағы кеткен ол қанша екенін біле алмадық, шұңқыр қолдан қазылмаған.