Алматыда 8-сыныптың оқушысы 11-қабаттан секіріп мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жеткіншек химия-биология пәндерін тереңдетіп оқытатын Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алған. Оқиға кеше оқудан тыс уақытта болған. Бала мектеп психологымен болған әңгімеден кейін өз-өзіне қол салуы мүмкін деген бейресми ақпарат тараған еді. Алайда мектеп өкілдері оны растаған жоқ. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары басталды.
Жанар Адамбаева, Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы:
– Ақпарат дұрыс емес. Ол тіпті психологқа жүгінетін бала емес. Жан-жақты, ақылды бала болатын. Біздің өзімізге түсініксіз, ол жағдайға қалай барғаны.