Қарағандыда такси жүргізушісін пышақпен шабуылдаған адам оққа ұша жаздады

Қарағандыда такси жүргізушісіне суық қарумен ұмтылған ер адамның өзі оққа ұша жаздады.

Жанжалдасқан екеудің жанынан өтіп бара жатқан жаяу жүргінші такси жүргізушісіне пышақ ала жүгірген жолаушыға тапаншамен тап берген. Осылайша жолақысын келісе алмаудың салдары жанжалға себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын полиция зерделеп жатыр.

Ақмола облысында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен екі қыз ұсталды. Полицейлердің айтуынша, қыздар бірге жұмыс істеген. Бірі есірткіні жасырса, екіншісі оның қайда жасырылғанын түсіріп, тапсырыс берушімен хат алмасып отырған. Тінту кезінде 18 жастағы студенттен белгілі бір иісі бар, ақ және көк түсті 34 түйіншік есірткі табылды. Мұнан бөлек ойыншық қонжықтың ішіне тағы 60 түйіншіктің жасырылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған.  

Қызылорда облысында пәтер ұрылары ұсталды

Байқоңырда полицейлер пәтерге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады. Тексеру барысында ұрылардың пәтерге кілттерді іріктеу арқылы кіргені белгілі болды. Олар ноутбук пен 1 млн 500 мың ресейлік рубль ақшасын қолды еткен. Жалпы шығын көлемі 870 мың теңге. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 24 жастағы Ақай ауылының тұрғыны ұсталып, бұлтартпау шарасы қолданылған. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Шығыс Қазақстанда заңсыз балық аулау дерегі анықталды

Омбы-Майқапшағай бағытындағы тас жолда полицейлер тоқтатқан көліктен 70 келі су маржаны тәркіленген. Шортан, мөңке, көксерке балығын тиісті құжаттарсыз тасымалдаған көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларын көрген бойда балықты төгіп тастамақ болған. Мемлекетке келген шығын көлемі 78 мың теңгеден асып отыр.