Павлодарда ауруханадағы өрттен 188 адам құтқарылған

Павлодарда кеше түн ортасында жұқпалы аурулар ауруханасы өртенді.

Өрт сөндірушілер жеткенше онда жатқан 105 бала мен 71 ересек адам және 12 қызметкер сыртқа шығып үлгірген. 14 науқасты өрт сөндірушілер келіп құтқарды. Оның жетеуі бала. 17 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Өзге зардап шеккендер жоқ. Түнгі 4-тің шамасында шыққан отты құтқарушылар, абырой болғанда, бас-аяғы 20 минутта сөндіріп үлгірген. 

Ринат Валишанов, қалалық ТЖБ бастығы:

- Оқиға орнына жеткен кезде аурухана мамандары балалардың бір бөлігін сыртқа шығарып үлгірді. Біз көмекке келдік. Өрт сөндірушілер 14 бала мен ересекке алғашқы медициналық көмек көрсетті. Біз келгенде санитарлық бекеттегі пластикалық есік жанып, түтін шықты. Кіреберіс ісіктің үстіндегі электр шамы қызып, салдарынан өрт шықты. Бұл өрттің алдын ала себебі.