Алматыдағы оқушы өліміне не себеп болды?

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушының өліміне әкеп соққан жағдайға не себеп болды? Бұған қатысты мектеп немесе Білім және ғылым министрлігінің басшылығы тарапынан түсініктеме берілген жоқ. Ал жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Жауапты ведомтсво марқұм баланың ата-анасымен байланыста екенін хабарлады.

«Тергеу қорытындысын күтетін боламыз», – деді Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті.

Айта кетейік, қазір әлеуметтік желіде оқушы өліміне қатысты түрлі қауесет тарауда.

Ал бүгін марқұм оқыған мектептің балалары өзіндік акция ұйымдастырды. Және бұл әрекетін олар психолог немесе кураторға қарсы жасалмағанын айтып, гендерлік теңдікке арнағанын атап өтті.

ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті:

– Әлеуметтік желіде оқушы өліміне қатысты қарама-қайшы ақпараттар тарап жатыр. Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитет өкілдері марқұм болған баланың ата-анасымен тұрақты байланыста. Тергеудің ресми қорытындысын күтуіміз керек. Соның нәтижесінде тиісті шаралар қабылданатын болады.