430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырауда тоққа түскен он жасар бала көз жұмды

  • 166
  • UPD: 18:45, 02.11.2021
Атырауда тоққа түскен он жасар бала көз жұмды Иллюстративті фото / blogspot.com

Атырауда тоққа түскен 10 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға кеше 30 қазанда болған.

«Полицияға 1953 жылғы азаматтан сағат 15:00 шамасында немересінің тоққа түскені туралы хабар түскен. Кейін 10 жасар баланың ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына тығылғаны анықталды. Сол кезде токқа түсіп қалған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәліметіншіе, жедел жәрдем қызметіне сағат 14:45-те хабар берілген. Жедел жәрдем бригадасы сағат 14:51-де жеткен.

Қазір аталған дерекке қатысты тексеру жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы