Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті

Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қазан күні сағат 13:10-да Катаев көшесі, 36 мекенжайы бойынша Toyota Camry көлігінің 25 жастағы жүргізушісі 1953 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

- Зейнеткер реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері облыста 451 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 38-і қаза тауып, 676-сы жарақат алған.