Павлодарда көлік қоршауды бұзып өтті: зардап шеккендер бар (ВИДЕО)

Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін, 1 қараша күні сағат 08:40-та «ВАЗ-2110» маркалы автокөліктің 21 жастағы жүргізушісі М.Горький көшесі мен Абай көшелерінің қиылысында жүріп келе жатып, «Жол бер!» жол белгісінің талаптарын орындамастан, «Хонда» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

- Соққыдан ВАЗ жүргізушісі жеке тұрған үйдің қоршауына соғылған, қоршау өтіп бара жатқан адамның үстіне құлаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан павлодарлық тұрғын жарақатпен ауруханаға жеткізілді. «Хонда» жүргізушісінің әйелі мен қызы медициналық көмекке жүгінді, – дейді департаментте.