Елордада сотталған адамды жұмысқа алған мемқызметкер жауапқа тартылды

Елордада бұрын сыбайлас жемқорлыққа байланысты сотталған адамды жұмысқа қабылдаған лауазымды мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осыған қатысты қаулы шығарды. Шәкәрім Сейсенбай елордалық білім басқармасының басшысы лауазымын атқара отырып, балабақша меңгерушілігіне бұрын істі болған қызметкерді қабылдағаны анықталды. Ал кеше ол әлеуметтік желі арқылы жұмыстан босатылғанын хабарлады.