Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қазанында сағат 19:30-да Байғанин ауданының Ноғайты ауылынан бес шақырым жердегі Ақтөбе-Атырау автожолында жол-көлік оқиғасы болды.

– Анықталғандай, Mitsubishi Lancer автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы бағытында 308 шақырым жерде Ақтөбе-Атырау автожолында жүріп келе жатып, басып озу кезінде бұл маневр келе жатқан көлік құралдарына қарсы бағытта кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей, Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысуға жол берген, – делінген мәліметте.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі мен Mitsubishi және Volkswagen автокөліктерінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал Volkswagen Passat автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.