БҚО-да жүк көлігі төрт жылқыны қағып кетті  

 Орал - Атырау тас жолында  жол апаты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

30 жастағы жүргізуші басқарған Ford Transit көлігі жүйткіп келе жатып үйірлі жылқыға соқтығысқан. Салдарынан төрт бас жылқы мерт болды.

Абырой болғанда, жүргізушінің өзі аман. Қазір полиция мал иесін анықтап жатыр. Егер кінәлі екені анықталса, ол айыппұл төлеуі мүмкін.