БҚО-да кәсіпкер темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаған

Қаржылық мониторинг агенттігі Ресейге темекіні контрабандалық жолмен өткізгендерді ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Департамент қызметкерлері акциздік маркасы жоқ темекі өнімдері тиелген көлікті шекара аспақ болған жерінде тоқтатқан. Жеке кәсіпкер А.Махмудов 319 мың қорап темекіні 2020 жылы Алматы қаласынан сатып алған. Ол тауарды көлікке тиеп, Батыс Қазақстан облысы арқылы Ресейге жөнелтпек болған. Күдікті өзінің заңсыз әрекетін жасыру үшін қосымша 24 мың қорап акцизделген темекіні сатып алып, оны бүркеме ретінде пайдаланған. А.Махмудовқа 2 млн 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал акциздік маркасы жоқ өнімдер жойылды.