Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы жол апатынан 5 адам қаза тапты

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жол апаты болды, деп хабарлайды «Хабар 24» Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полицияның мәліметінше, 3 қараша күні таңертең «Шонжы-Ақсу-Ұзынтам» тас жолында Audi мен Nissan соғысқан.

«Апат салдарынан екі көлік жанып кетті, екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы Шонжы ауруханасына жатқызылды, онда алған жарақаттарынан екеуі қайтыс болды. 5 жасар жолаушы жан сақтау бөлімінде жатыр», – деп нақтылады ведомстводан.

Аталған факті СДТБТ-де ҚР ҚК 345-баптың 4-тармағымен тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.