430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды облысында көлік өрті жиіледі

  • 103
  • UPD: 07:43, 04.11.2021
Қарағанды облысында көлік өрті жиіледі

Қарағанды облысында автокөліктердің өртенуі жиілеп кетті. Соңғы төрт күн ішінде 9 техника жанған. Оқыс оқиғалар негізінен өңір орталығы мен Теміртау, Жезқазған, Шахтинск қалалары мен Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында болды. Ал жыл басынан бері облыста мұндай жағдай 207 рет тіркелген. Құтқарушылар мен полиция өрт негізінен көліктердің отын және электр жүйелерінің ақаулығынан болатындығын айтады. Сондықтан да темір тұлпар иелеріне сақ болуларын ескертіп отыр.

БҚО-да жастар есірткі таратумен айналысқан

Батыс Қазақстан облысында есірткі жасырған 18 жасар бойжеткен мен 19 жастағы жігіт ұсталды. Мичурино ауылында қолға түскен күдіктілерді тінту барысында ер адамның қалтасынан ақ түсті ұнтақ заттың 6 орамасы табылған. Кейін аумақты тексеру барысында құпия жерге қойып кеткен 8 орама анықталды. Сараптама қортындысы оның жалпы салмағы төрт грамнан асатын психотропты зат екенін көрсеткен. Осы дерекке орай қазір тергеу ісі жүріп жатыр.

Ақтөбеде аудан тұрғынының көлігінен ірі көлемде есірткі тәркіленді

Ақтөбеде облыс орталығына келген аудан тұрғынының көлігінен ірі көлемде есірткі заты тәркіленді. 47 жастағы ер адам полиция қызметкерлерінің Ұлттық Ұлан арнайы жасағымен бірге жүргізген «Қарасора -2021» іс-шарасы аясында ұсталды. Адамды қолға түсіру барысында күдіктінің масаң күйде екені анықталған. Ал тәркіленген есірткі затының жалпы көлемі үш келіден асатын марихуана. Қазір іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Павлодар облысында өңір орталығы мен Өскемен аралығында қатынайтын автобус бұзылып, жолда қалып қойды. Салонында 24 жолаушысы оның ішінде жеті бала бар қоғамдық көлік Аққулы ауылынан бірнеше шақырым ұзаған соң тұрып қалған. Бұл туралы төтенше жағдай деператаментіне хабар келген соң дереу көмекке ұмтылған құтқарушылар автобустағы адамдарды ыстық тамақпен қамтып, тоңып қалмау үшін жағдай жасаған.  Ал техникалық ақау электр қуатын таратушы құрылғыдағы белбеудің үзілуінен болған. Көлік жөнделген соң жүрісін жалғастырды. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Хабар 24 телеарнасы