430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодар облысында үйдегі өрттен адам қаза тапты

  • 90
  • UPD: 14:16, 04.11.2021
Павлодар облысында үйдегі өрттен адам қаза тапты

Павлодар облысы Аққулы ауданының орталығында бір қабатты жекеменшік үйде өрт шығып, 44 жастағы адамның мәйіті табылды.

Құтқарушылар келгенде ағаш үй толық отқа ораныпты. Тілсіз жаумен күресуге жеке құрамның сегіз маманы мен екі техника бірлігі жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемін арнайы зертханалық топ өкілдері анықтайды.

Нұрболат Әбелдинов, облыстық ТЖД №18 өрт сөндіру бекеті бастығының міндетін атқарушы:

- Оқиға орнына №18 өрт бекетінің мамандары шұғыл жетті. Барлау барысында жанып кеткен адамның денесі табылды. Өрт сөндірушілер далаға газ баллонын шығарды. Қызыл жалын жалмаған аумақ 80 шаршы метрді құрады.

Хабар 24 телеарнасы