Алматы облысында әйел адам өз баласын 16 рет пышақтап өлтірмек болды

Алматы облысында әйел адам өз баласын 16 рет пышақтап өлтірмек болған.

Жантүршігерлік оқиға кеше Іле ауданының Өтеген батыр ауылында болды. Түскі үшке таман үйінің қан жоса болып жатқанын көрген атасы 10 жастағы немересіне жедел-жәрдем шақыртқан. Аса ауыр халде ауруханаға түскен жеткіншекке шұғыл жағдайда операция жасалды. Ота сәтті өткенімен баланың жағдайы әліде ауыр. Күдікті қазір қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК 106, яғни денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы бойынша іс қозғалды. Сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақбота Әзірбек, облыстық ПД ресми өкілі: 

- Әйелге қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Бұлтартпау шарасын таңдау және оның психиологиялық диспансерге орналастыру туралы мәселе шешілуде. Заттай дәлелдермен қылмыс құралы пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды.