Павлодарда шағын автобус толығымен жанып кетті

Оқиға Павлодар қаласынан Омбы бағытына шығатын жолда орын алған, деп хабарлайды «Хабар 24» Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрт шыққаны туралы хабар 6 қараша күні сағат 23:36-да келіп түскен.

– Автожолда 2010 жылғы Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусының қозғалтқыш бөлігі мен салоны 6 шаршы метр аумақта толығымен жанып кетті. Өрт сағат 23:48-де сөндірілді, – деді департаментте.

Апаттың орын алу себебі, электр сымдарының қысқа тұқықталуы болған. Шығын есептелуде.

Оқиға орнында жеке құрамның 8 адамы мен 2 техника жұмыс жасады.