Қостанай облысында пәтерден кейуананың денесі табылды

Қайғылы оқиға Рудный қаласында болған. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық Полиция департаменті растады.

Рудныйда Комсомольский даңғылы бойынша орналасқан үйдегі пәтерден 87 жастағы кейуананың зорлық іздері бар денесі табылды.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы Б.Майлин ауданының тұрғыны ұсталды.