Қарағандыдағы шахтада жарақат алған кеншілер палатаға шығарылды

Қарағанды облысының «Абай» шахтасында жарақат алған екі кенші палатаға  ауыстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олардың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі хабарлады.

Еске салсақ, кеше «Абай» шахтасындағы кен-жардың бірінде, кенеттен газ-метан таралып, салдарынан 6 кенші опат болған. Тағы екі кенші жансақтау бөліміне түскен болатын.

Ерік Шонбаев, Х.Мақажанов атындағы облыстық травматологиялық орталықтың бөлім жетекшісі:

– Қазір пациеттердің жағдайы орташа тұрақты. Ем-домның арқасында денсаулықтары оңалып келеді. Кеше келіп түскен кезбен салыстырғанда едәуір жақсарды. Қазір әрі қарай емдеу үшін токсикологиялық бөлімге ауыстырылды.