Ақтөбе облысында мал ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

Топ құрамындағы үш адамның тоғыз дерекке қатысы бары анықталып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Хромтау ауданы аумағында емін-еркін жайылып жүрген ауыл малын қолды қылған. Кейін Ақтөбеге апарып, қаладағы базарлардың бірінде тірілей кейде жіліктеп сатып жүрген.

Полицияның хабарлауынша, ұсталған күдіктілер бұл істерін соңғы екі айдан бері кәсіп қылыпты. Апта сайын ұрлауды тұрақты жолға қойған. Ал қанша малды қолды қылғаны енді анықталмақ. Қазір топ мүшелерін тергеу жүріп жатыр.

Серік Шалхаров, облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы

– Қазіргі уақытта олардың барғыныа қылмыстық іс қозғалып, абақтыға қамалып тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл жерде күдіктілерден қазір алты бас малдың терісі және де тұяқтары алынды және екі пышақ алындык. Тергеу амалдары біткеннен кейін барып, шығынның барлығы орын-орнына келетін болады.