Петропавлда мұзда қалып қойған аққулар құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысында көлдер қатып, балапан құстар қалып қойды.

Күн суытқалы жылы жаққа ұша алмай қалған қанаттыларды қорғаумен төтенше жағдайлар қызметкерлері айналысады. Бұл жолы олар Петропавл маңындағы тоғанда жүрген аққуларды құтқарды. Мамандар біреуін ұстап қыс бойы қатпайтын арыққа жіберсе, екіншісі қамыстың арасына тығылып қалды. Табиғат қорғаушылары оны да қалдырмаймыз деді. Жалпы өңірде жыл сайын 20-30 аққу қыстап қалатын көрінеді.

Олег Беспалов, орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

- Мұздың қатқанына біраз болды. Сондықтан құстарға қиын. Мына аққу жас. Ұзаққа ұшуға әлсіз. Бәрінен бұрын олар суда ғана өмір сүре алады.