Өскеменде титан-магний комбинатында екі жұмыскер қаза тапты

Өскеменде өндіріс орнында қайғылы оқиға болып, 27 жастағы екі жігіт көз жұмды.

Оқиға Титан-магний комбинатының еншілес кәсіпорынында болған. Балқытушы болып жұмыс істейтін азаматтар электронды сәулелі пешті жөндеп жатқан кезде мерт болған. Облыста құрамына өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті, еңбек инспекциясы, прокуратура және эпидемиологтар кірген жұмыс тобы құрылды. Енді оқиғаның мән-жайы алдағы 10 күн ішінде анықталады. Жалпы өлкедегі өндіріс орындарында жыл басынан бері 153 оқыс жағдай болып, 16 адам көз жұмған.

Бақытбек Қизатов, ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

- Осы құрылған комиссияның міндеті осының жай-жапсарын, себебін анықтау, әрі қарай тиісті полиция бөліміне жіберіледі, полиция бөлімінде ашылған іс бойынша олар анықтайды егер қылмыстық іс болатын болса, олар оны сотқа жібереді.