Атырауда жұрттың атына несие алған алаяқ ұсталды

Атыраулық тәртіп сақшылары өзгелердің атынан онлайн-несие рәсімдеп келген алаяқты қолға түсірді.

Республика көлемінде өтіп жатқан «Hi-Tech» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде ұсталған күдіктінің 29 жастағы Шығыс Қазақстан өңірінің тумасы екені белгілі болды. Полиция қызметкерлері оның 300-ден астам алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айша Талапкер, облыстық ПД ресми өкілі:

- Күдікті азамат өзгелердің ақпаратын біліп, несие рәсімдеп отырған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті Семей қаласында анықталып ұсталды. Аталған іс бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы және ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.