Нұр-Сұлтанда жол апаты салдарынан көлік аударылып қалды

Ағымдағы жылдың 10 қарашасында сағат 12:07-де «KIA PICANTO» маркалы автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі Ақбидай көшесімен келе жатып Өндіріс көшесіне қарай солға бұрылған кезде қарсы бағыттан тура келе жатқан «Ваз-2115» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Соқтығысудың салдарынан «KIA PICANTO» маркалы автокөлігі аударылды.

Жүргізушісі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды және жолда өте мұқият болуды ескертеді.