Павлодарда балықшы өлім аузынан қалды

Құтқарушылар келгенге дейін мұз астына түсіп кеткен балықшыны бұтақтың көмегімен басқа балықшы ұстап тұрған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қарашада сағат 09.35-те «112» пультіне Усолка өзенінің шаңғы базасы ауданында балықшы мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу Павлодар облысы департаменті өрт сөндіру қызметінің жедел құтқару жасағынан 4 адам мен 1 техника   жіберілді.

Құтқарушылар кезекші ауысыммен келгеннен кейін Усолка су қоймасының ескек каналында, жағалау сызығынан шамамен 10 метр қашықтықта есу бойынша секцияның эллингіне жақын жердегі шұңқырда егде жастағы ер адам табылды. Бас құтқарушы Владимир Сахаров құтқару кеудешесімен мұз бетінде еңбектеп, зардап шегушіге жеткеннен кейін оны «Александровтың ұшымен» байлады және әріптестері Виталий Хазов пен Евгений Щербинко 2,5 метр қашықтықтан ер адамды берік мұзға шығарды. Жағалау сызығына дейін тасымалдап, жапа шегушіні «103» қызметіне тапсырды, – дейді департаментте.

Құтқарушылардың күнделікті ескертулеріне қарамастан, мұз астынан балық аулау әуесқойлары өз өмірлерін қатерге тігуді жалғастыруда.

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жұқа мұзда болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі туралы тағы да еске салады.