Жамбыл облысында оқ тиген жасөспірім қайтыс болды

Жамбыл облысында 14 жастағы бала досымен бірге құстарды атқан. Олар қаруды ата-анасынан рұқсатсыз алған, деп хабарлайды «Хабар 24» Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 9 қарашасында Меркі аудандық полиция бөліміне орталық аудандық ауруханаға пневматикалық қарудан алған дене жарақатымен түскен Тескентоған ауылының 14 жастағы тұрғынының қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Тергеу-жедел тобы ата-анасының рұқсатынсыз қару алған марқұмның досымен бірге далада құс атқанын, сол кезде оқтан жараланғанын анықтады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және зерделеу мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.