Алматы облысындағы жол апатынан көлік өртенді

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіне жазды.

«Жол апаты Еңбекшіқазақ ауданы, Ават ауылының маңында Алматы-Көкпек-Көктал бағытындағы тас жолында болды»,- делінген жазбада.

«Ауди 80» көлігінің 69 жастағы жүргізушісі сол жаққа бұрылмақ болып қарсы келе жатқан BMW маркалы машинасын байқамаған. Салдарынан «Ауди 80» сол мезетте отқа оранып, BMW қатты екпінмен жол шетіндегі «ГАЗ-27072» жүк көлігіне соғылған. Полицейлердің мәліметінше, Аудидің жүргізуішісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Оқиға бойынша ҚК-тің 345-бабы 1-бөліміне сәйкес тергеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды.