Павлодарда елордалық азаматтың көлігінен есірткі тәріздес зат табылды

Павлодар полицейлері тыйым салынған заттарды телефон қаптамасында және Toyota Land Cruiser көлігінің жүк салғышына жасырған Нұр-Сұлтан тұрғынын ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында полицейлер 1253 шақырымдағы Екібастұз қаласына жақын жердегі Қызылорда-Павлодар тас жолында 29 жастағы Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісін ұстады. Тексеру барысында оның ұялы телефонының қаптамасынан ұнтақ тәрізді заты бар полиэтилен түйіншегі табылды.

Сонымен қатар көліктің жүк салғышынан сұр-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакеті тәркіленді. 

Сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы Есірткіні заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері павлодарлық полицейлер есірткіге қатысты 101 қылмысты ашып, заңсыз айналымнан 346 келі есірткі заттарын тәркіледі.