Алматыда бұзақылар жүріп бара жатқан автобустың төбесінде отшашу атқан

Алматыда беймәлім жас жігіттер жүріп бара жатқан жолаушылар автобусының төбесінде отшашу атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Видеодан біреулердің автобустың төбесінде отшашуды тұтандырып, артынша секіріп түсіп, қашқанын көруге болады.

Қалалық Полиция департаменті оларды іздестіріп жатқанын хабарлады.

«Полиция департаментінің тиісті бөлімшелері бұзақылардың кім екенін анықтап жатыр. Бұзақыларды ұстау және оларды жауапқа тарту бойынша іздестіру жұмыстары жүріп жатыр», – деп хабарлады полициядан.