Алматыда қолдан жасалған 293 мың долларды өткізбек болған адам ұсталды

Алматыда ірі көлемде жалған ақша өткізбек болған азамат ұсталды. Бұл жөнінде Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу мәліметтері бойынша Қалиев есімді жергілікті тұрғын 293 мың АҚШ долларын өткізгісі келген. Ол 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қарашаға дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған валютаны бірнеше рет қолданған. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан аса доллар тәркіленді. Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.