Алматыда 83 жастағы ер адамды көлік қағып кетті

Алматыда жүргізуші 83 жастағы ер адамды қағып, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

Қалқаман 2 шағын ауданында Daewoo Nexia Қонаев көшесімен келе жатып, Бектембаев көшесіне жетпеген тұста көліктің алдына ер адам жүгіріп шықты. Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, жаяу адамды қағып кетті.

1938 жылы туған кісі қатты соққыдан аллеяға қарай ұшып кетті. Алған жарақаттарынан ол жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм өтуге болмайтын жерде жолдан өтпек болған.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде. Жай-жапсары анықтауда.