Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби көз жұмды

Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 қараша күні болды. Биылғы мамыр айында дүниеге келген қыз түйреуіш жұтып қойған. Сәби сағат 23:10-да облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растады.

Сондай-ақ...