Батыс Қазақстанда ауылдасын ұрып өлтірген күдікті ұсталды

Оқиға Орал қаласына қарасты Серебряков кентінде болған, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 54 жастағы ер адам өзінің үйінде 1978 жылғы ауылдасымен бірге ішімдік ішкен. Кейін араларында келіспеушілік болып, ұрыс соңы жанжалға ұласқан. Ауылдасы үй иесіне пышақ ала жүгіріп, бірнеше жерден жарақттаған.

54 жастағы ер адам ауруханаға жетпей көз жұмды. Күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлердің айтуынша, күдіктінің бұдан бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі кісі өліміне соқтырған дене жарақатын салу дерегімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.