Түркістан облысында табиғатты тамашалауға арналған алаңды қиратқандарды іздестіріп жатыр

Түркістан облысында табиғатты тамашалауға арналған бақылау алаңын қиратқан бұзақылар іздестірілуде.

Төле би ауданында былтыр жоба құны 15 миллион теңгеге жуық қаржыға салынған орынды көше кезбелері тас-талқан еткен. Орындықтарды қиратып, мәрмәр плиталарды сындырған. Әкімдік қызметкерлері тәртіп бұзушылық туралы полицияға шағымданып, арыз түсірді. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады. Алатау ауылдық округіне қарасты бұл алаң туристердің тамаша табиғатты көзбен көруіне арналған әсем нүктесі болатын.