Атырауда азық-түлік қоймасынан өрт шықты

Атырауда азық-түлік қоймасынан өрт шықты
inform.kz

Төтенше жағдай кеше 15.00-де болған, деп хабарлайды «Хабар 24» Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 13 қарашада болған. «Оқиға туралы департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 15:00-де хабар түсті. Атырау қаласындағы Мясокомбинатская көшесінде орналасқан азық-түлік сақтайтын шаршы метрлік қоймадан өрт шыққан», - деді төтеншеліктер.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жеке тұрған бір қабатты қойманың 400 шаршы метр шатыры жанып жатқаны анықталды. Жалын сағат 16:45-те сөндірілген.

Қоймадағы өртті сөндіруге департаменттің 30 қызметкері мен 8 техникасы, «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.