430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда оқушылар бес автобустың терезесін сындырған

  • 104
  • UPD: 23:53, 15.11.2021
Алматыда оқушылар бес автобустың терезесін сындырған inform.kz

Енді бұл оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылады, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, автопарк басшысы Алатау ауданының полиция басқармасына шағым түсірген.

Оның айтуынша, бір ай ішінде белгісіз біреулер №25-ші бағыттағы бес қоғамдық көліктің терезелерін сындырған. Тексеру іс-шаралары барысында бұзақылар анықталды. Олар қала мектептерінің бірінің 7-9-сынып оқушылары болып шықты.

«Біздің ауданда тұрады. Олардың ата-анасы балаларының заңсыз әрекеттері үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 435 бабы кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық бойынша жауапқа тартылды. Бұл баптың санкциясы 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды қарастырады», – дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков. Сонымен қатар жасөспірімдер ювеналды полицияның есебіне қойылды. Балалармен және олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыс жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы