434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды маңында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

  • 123
  • UPD: 11:31, 16.11.2021
Қарағанды маңында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Бүгін, 16 қараша күні сағат 9:08-де Қарағанды-Саран-Шахтинск трассасында «Паз» автобусының қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызметтік автобуста бес жолаушы болған. Автобус Nissan Sanny көлігімен соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, жеңіл көліктің 33 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан.

Жергілікті Полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан Nissan Sanny жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Автобус жолаушылары зардап шекпеген.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы